Редакциялық саясат

Журналдың мақсаты – этносаралық қатынастардың өзекті мәселелерін көрсету арқылы этникалық саясат саласындағы ғылыми және қоғамдық талқылауды дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Журналдың міндеттері:

  • Ғылыми зерттеушілерді, отандық және шетелдік сарапшыларды, оның ішінде ҚХА ҒСК, ҒСТ мүшелерін тарту; бірегей жоғары сапалы ғылыми мақалаларды шығаруға жәрдемдесу.
  • этносаралық қатынастардың қазіргі тенденцияларына сараптамалық баға беру және қоғамдық келісім саласындағы жағдайды болжау бойынша ғылыми материалдарды жариялау.
  • Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларға, жобаларға аналитикалық шолулар шығару.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының авторлық құқыққа қатысты талаптарын және жариялау этикасы бойынша әлемде қабылданған тәжірибе ережелерін сақтау.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері;
  • Этносаясаттың даму мәселелері;
  • Этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері;
  • Этникалық топтар мен этникалық процестер тарихының түйінді мәселелері;
  • Этникалық топтарды зерттеу контекстіндегі қазіргі әлеуметтанудың өзекті мәселелері.

Басылымның шығу кестесі:

  • № 1 – I тоқсан;
  • № 2 – II тоқсан;
  • № 3 – III тоқсан;
  • № 4 – IV тоқсан.

Жариялану шарттары:

Журналда автор(лар) бұрын жария етпеген, журналдың тақырыптық бағыттарына сәйкес келетін және қолжазбаның безендірілуіне қойылатын талаптарға қатан сәйкестікте құрастырылған мақалалар жарияланады.

Мақаланы жолдау үшін автор https://etnosayasat.kz/ сайтында тіркеліп, , жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратты толтырып өтініш жіберуі қажет.

Жариялауға қабылдануға дейін мақалалар тексерудің үш кезеңінен өтеді (сайттағы «Авторларға арналған ақпарат» бөлімін қараңыз):

  1. журналдың тақырыптары мен талаптарына сәйкестігін тексеру;
  2. плагиат пен дереккөздерді әділетсіз пайдалануды тексеру;
  3. рецензиялау.

Мақалаларды жариялау ақысыз.

Рецензиялау түрі:

Барлық мақалалар екі жақты «соқыр» тәсілмен қарастырылады.

Мұрағаттау және қолжетімділік:

Жариялауға қабылданған барлық мақалалар журналдың веб-сайтында https://etnosayasat.kz/ru/articles/current/ мекенжайы бойынша және индекстелген дерекқорларда тізімделеді. Қоғамдық домендегі мұрағатқа кіру тегін. Жарияланған нөмірлердің мұрағаты ресми сайттың тиісті бөлімінде орналасқан.
Басылым нөмірлерінде орналастырылған мақалаларға DOI беріледі.

Жариялау этикасы:

Редакция ғылыми басылымдардың халықаралық этикалық ережелерін басшылыққа алады, оның ішінде әдептілік, құпиялылық, жарияланымдарды қадағалау және ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алу және т.б.
Баспа процесінің барлық қатысушыларының Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына сәйкес ғылыми жарияланымдар этикасының ережелерін сақтауы авторлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қамтамасыз етуге, жарияланымдар сапасын жақсартуға және авторлық құқық материалдарын жеке тұлғалардың мүдделеріне сәйкес теріс пайдалану мүмкіндігін болдырмауға көмектеседі. 

Толығырақ «Жариялану этикасы» бөлімінде оқыңыз.