Рецензиялау

Басылым редакциясы келіп түскен ғылыми мақалаларды тіркеуді, жабық рецензиялауды, мақала авторларымен хат алмасуды қамтамасыз етеді.

Рецензенттерге рецензиялауға ұсынылған қолжазбалар авторлардың зияткерлік меншігі болып табылатындығы және жариялауға жатпайтын мәліметтерге жататындығы туралы хабарланады.

Рецензияланатын ғылыми мақаланың тең авторы және ғылыми дәреже ізденушінің басшысы рецензент бола алмайды.

Ғылыми мақаланы сараптамалық бағалау негізінде рецензент:

  • мақаланы жариялауға ұсынуы;
  • ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, мақаланы жетілдіруді ұсынуы;
  • мақаланы қабылдамауы мүмкін.

Барлық осы ұсыныстар рецензияда кәсіби түрде негізделген болуы керек.

Мақала бойынша рецензенттің сараптамалық қорытындысы журнал сайтында орналастырылады. Авторлар онымен таныса алады және теріс рецензия болған жағдайда немесе рецензенттің ескертулерін түзету қажет болған жағдайда. Автор пысықтаған мақала рецензентке журнал сайты арқылы қайта жіберіледі. Оң қорытынды болған жағдайда - мақала «жарияланымды күтеді» мәртебесін алады.

Шешілмейтін қайшылықтар туындаған жағдайда редакциялық кеңес мақаланы қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда түпкілікті шешім редакциялық кеңестің отырысында қабылданады.