«Этносаясат» ғылыми  ақпараттық-сараптамалық басылымы

Негізгі мәліметтер мен ережелер

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлігі 2022 жылғы 23 тамыздағы №KZ09VPY00054187. «Этносаясат» ғылыми  ақпараттық-сараптамалық басылым ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты тапсырысымен 2021 жылдан бастап шығарылады. 

Басылымда қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдеріндегі ғылыми ақпараттық-сараптамалық мақалалар, талдамалық шолулар (анықтамалар), ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланады. 

Журналдың мақсаты мен міндеттері 

Журналдың мақсаты – этносаралық қатынастардың өзекті мәселелерін көрсету арқылы этникалық саясат саласындағы ғылыми және қоғамдық талқылауды дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Журналдың міндеттері:

  • Ғылыми зерттеушілерді, отандық және шетелдік сарапшыларды, оның ішінде ҚХА ҒСК, ҒСТ мүшелерін тарту; бірегей жоғары сапалы ғылыми мақалаларды шығаруға жәрдемдесу.
  • этносаралық қатынастардың қазіргі тенденцияларына сараптамалық баға беру және қоғамдық келісім саласындағы жағдайды болжау бойынша ғылыми материалдарды жариялау.
  • Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларға, жобаларға аналитикалық шолулар шығару.
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының авторлық құқыққа қатысты талаптарын және жариялау этикасы бойынша әлемде қабылданған тәжірибе ережелерін сақтау.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

  • Этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері;
  • Этносаясаттың даму мәселелері;
  • Этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері;
  • Этникалық топтар мен этникалық процестер тарихының түйінді мәселелері;
  • Этникалық топтарды зерттеу контекстіндегі қазіргі әлеуметтанудың өзекті мәселелері.

Редакция мекен-жайы:
010000, Астана қ., Алматы к.,7, 8 қабат
Тел.: +7 7172 47 28 26
e-mail: info@iaer.kz, iaes.2020@inbox.ru
https://iaer.kz 

© Баспагер, 
«NEXT TIME Қоры» Қоғамдық Қоры